Fitch: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады

19 Қараша 2023, 04:13 888

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық ұстаным және елеулі сыртқы резервтер болып табылады. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сарапшылардың пікірінше, жаңа бюджеттік ережелерді қолдану мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Экономиканы және экспорттық маршруттарды одан әрі әртараптандыру жөніндегі шаралар елдің дамуына оң әсер ететін болады.

Fitch Қазақстан экономикасының өсуі бойынша алдағы перспективаларды белгіледі. Агенттік инвестициялардың тұрақты өсуінің арқасында ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) 2024 жылы 5,1% және 2025 жылы 5,4% деңгейінде өседі деп болжап отыр, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ агенттіктің сарапшылары ҚР-да инфляция мен долларландыру деңгейінің төмендеу үрдісі байқалатынын және Қазақстанның қайталама санкцияларға ұшырау қаупі төмен екенін атап өтті.

Берік Арманов
Бөлісу: