Fitch еліміздің тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

3 Желтоқсан 2022, 15:30 1097

Қазақстандық банк секторының капитал қоры жеткілікті деңгейде

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар - қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер. Агенттік сарапшыларының пікірінше, олар сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, ірі фискалды буферлер сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға мүмкіндік берді.

Таза шетелдік активтер бойынша Қазақстанға жоғары тәуелсіз позиция берілді, ол 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37%-ын құрады.

Fitch есебінде атап өтілгендей, қазақстандық банк секторының капитал қоры жеткілікті деңгейде. 2022 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің коэффициенті 4,6% құрады.

Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютадағы салымдар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер және басқа да бірқатар шаралар депозиттерде қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Жақын уақыттан бері рейтингтің негізгі факторларының қатарына ESG көрсеткіштері қосылды.

«Несие берушілердің құқықтары» индикаторы бойынша 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік борышты қайта құрылымдауға жол бермеу ҚР-дың кредиттік қоржынына оң әсер етуде, - делінген Fitch есебінде.

EL.KZ
Бөлісу: