Филиппин соты Билл Гейтсті тұтқындауға ордер берді – фейк

24 Маусым 2023, 02:20 706

Әлеуметтік желілерде ауыр қылмыс бойынша Филлипин соты Билл Гейтсті COVID-19 қарсы вакциналармен жасалған «қасақана кісі өлтіргені» үшін қамауға алу туралы ордер бергені туралы ақпарат тарады. Бұл өтірік. Бұл туралы stopfake.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Билл Гейтстің қамауға алуға берілген ордер туралы мәлімет желіде 2023 жылдың наурыз айында шыққан. Бұл ақпарат бірден жоққа шығарылды.

Билл Гейтстің ресми өкілі Factcheck.org порталының тілшілеріне былай деп хабарлады:

Филиппин соты COVID-19 қарсы вакцинаны қолдануға байланысты Билл Гейтсті қамауға алу туралы халықаралық ордер берді деген мәлімдеме жалған.

Stopfake.kz мәліметінше, Филиппинде ауыр қылмыс бойынша сот деген жоқ. Демек ол ешқандай ордер бере алмайды.

Филиппин Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында вакциналар бұл COVID-19 алдын алудың тиімді және қауіпсіз әдісі екендігі туралы мақалалар бар. Яғни Филиппин соты Билл Гейтсті тұтқындауға ордер бергені туралы ақпарат жалған, - делінген мәліметте.

EL.KZ
Бөлісу: