FIDE трансгендерлерге шахмат турнирлеріне қатысуға тыйым салды

17 Тамыз 2023, 16:46 716

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) трансгендерлердің турнирлерге қатысуына тыйым салды. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

FIDE жынысын ауыстырған спортшыларға әйелдер жарыстарында өнер көрсетуге уақытша тыйым салды. Дегенмен олардың барлық атағы сол күйі қалады.

Оқи отырыңыз:

Егер әйел адам жынысын еркекке ауыстырса, онда атақтары сақталмайды. Олар жынысы өзгерген кезде қайтарылуы мүмкін.

Жаңа ережелер 21 тамызда күшіне енеді және қосымша ескертуге дейін қолданылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: