Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукерберг джиу-джитсу турнирінде жеңімпаз атанды

9 Мамыр 2023, 10:15 840

Фейсбуктің негізін қалаушы әрі әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі Марк Цукерберг өзінің алғашқы бразилиялық джиу-джитсу турнирінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Марк өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазба қалдырды. Ол Guerilla Jiu-Jitsu командасының атынан GI және NoGI   дисциплинасы бойынша жүлдегер атанғанын атаған. 

Джиу-джитсудан алғашқы рет додаға түсіп, guerrilla Jiu Jitsu командасы үшін алтын және күміс медаль жеңіп алдым. Мені дайындаған Дэйв Камарилло сынды білікті бапкерге мың алғыс, – деп жазды Цукерберг. 

Асқар Таудай
Бөлісу: