Петропавлда РФ азаматтарын госпитальге орналастырылуы туралы ақпарат жалған

26 Қыркүйек 2022, 14:20 933

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды

Петропавлда РФ азаматтарын госпитальге орналастыруда деген ақпарат жалған, деп хабарлайды El.kz порталы stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Петропавлда Ресей Федерациясынан келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқандығы туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. 

 Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл фейк, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.

– Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында, – делінген министрліктің хабарламасында.

Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақырамыз.


Бөлісу: