Фейк: «Бюллетеньді өшіп қалатын сиямен толтыртып жатыр»

5 Маусым 2022, 11:13 1136

Бүгін ғаламтор беттерін референдумда түсірілген деген ролик шарлап кетті. Кадрда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалатынын айтады. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай «өшіп қалатын» сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Бұл әрине жалған ақпар,- деп хабарлайды El.kzсайты stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Шын мәнінде, бұл видео ескі. Ол Желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Бір кездері Ресейде, Украинада, Қырғызстанда және Қазақстанда тараған.

Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.

Бөлісу: