30 Маусым 2014, 10:10
1950 жылы барлық мейрамханаларда тез әзірленетін тағам сусынының мөлшері – 225 грамм болатын. Ал қазір «МакДональдс» орамасына тапысырыс берсеңіз, сізге ең аз көлемдегі кока-кола мөлшерін – 340 грамм етіп береді. Ал үлкені – 900 грамм. Бұл – шамамен – 310 ккал.
Өзінің қайталанбас иісі мен дәмі үшін американдық қолдан жасалған иістендіргіш құралдарына алғыс айту қажет. 1 жылда бұл сауда - 1,4 миллиард табыс береді екен. Оның үстіне, бүлдірген сусынын алатын болсаңыз, үстіне 50 түрлі жасанды дәмдеуіштерді қосып береді.
Америка елдерінде темекі шегу – өлім тудыратын бірінші себеп болып саналады екен. Ал екіншісі – әлбетте аса қатты семіру.
Америка елдері жыл сайын құрамында түрлі тұз, қант және майы бар азық-түліктерді жарнамалау үшін – 33 миллиард доллар шығындайды екен. Бұрын әрбір балаларға арналған телевизиялық бағдарламаларда фаст-фудтқа байланысты жарнамалар көп болған. Түрлі газдалған сусындар мен құрамында қанты көп өнімдерді жиі жарнамалаған. Бұндай жармаларға 2009 жылы тыйым салынды.
«МакДональдс» секілді жылдам тамақтану мейрамханаларында фри картобының үлкен мөлшері – 29 грамм май мен 610 ккал құрайды екен.
1921 жылы Канзаста алғашқы болып фаст-фуд тамақтану орталығы ашылды. «Ақ құлып» деп аталған. Өзіндік тағамы – гамбургер болды. Жергілікті тұрғындар үшін бұл – жаңалық болып есептелді. Сатып алушыларды сол кездегі баға қатты қуантты :1946 жылға дейін гамбургер бағасы небәрі – 5 цент болған.
АҚШ-та ай сайын «МакДональдста» тамақтанатын балалар мөлшері – 90 пайызды құрайды.
Нью-Йорктегі «Bistro Moderne» және Лас Вегастағы «Brasserie» сынды мейрамханаларда ең қымбат бургер түрлерін тұтынып көрсеңіз болады. Орта бағасы – 120 долларды құрайды. Десекте әр кез емес. Тек қара трюфильдер кезінде ғана тұтына аласыз. Бургер құрамына трюфельдерден басқа көкөністер, қызыл шарапқа дайындалған ет, пармезан сыры кіреді. Сіз 1000 долларға пицца жегіңіз келе ме? Ондай да нұсқа бар. Мұндай пиццаның құрамын төрт түрлі уылдырық, жасыл пияз және қатық секілді азық-түлік түрлері әр беріп тұрады.