Фармбақылау департаментінің басшысына сөгіс жарияланды

24 Тамыз 2022, 16:49 1009

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады

ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

1 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дулат Тұрманов жұмыстан босатылды. 

3 тамызда Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сейітжамал Пакеев ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сот үкімімен басшының орынбасары Тұрманов бірқатар тұлғалардан клиникалық практикаға жіберуге маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын жүйелі парақорлыққа кінәлі деп танылды. Оған 20 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалып, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бөлісу: