Фармацевтика саласында өндіріс көлемі өсті

14 Маусым 2022, 16:20 47918

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы, фармацевтика саласында өндіріс көлемінің өскенін атап өткен жөн. 2021 жылы фармацевтика өнеркәсібі оң серпіна көрсетті, бұл ретте фармацевтикалық өнімнің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 124%-ды құрайды. Биыл қаңтар-сәуір айларында фармацевтикалық өнім көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті, - деп атап өтті ведомство басшысы.  

Айтуынша, қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі мемлекеттік қолдаудың арқасында тиімді инвестициялардың үлкен әлеуетіне ие болды.  

Осылайша, отандық тауар өндірушілермен мемлекеттік қолдаудың арқасында 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасалды және ол сатып алу үлесін ақшалай мәнде 2010 жылы 15%-дан 2021 жылы 41%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Фармацевтикалық кәсіпорындар негізінен Алматы, Қарағанды облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында шоғырланған, - деді министр. 

Бөлісу: