Фариза Төреәлі 1 жасар қызына пәтер сыйлады

10 Қараша, 03:44 397

Танымал блогер Фариза Төреәлі 1 жасқа толған қызына пәтер алып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер қызының қазірден жеке пәтері болғанын қалаған.

"1 жыл бұрын.. жарқ етіп дүниеге Сен келдің, қызым.
Сене алар емеспін, зуылдап жатқан уақыт. 
Аллахымның бізге берген ең үлкен бақыты, біз ұзақ күткен бақыт! 
Бір жыл бұрын, дәл осы күні сағат 13:05-те дүниеге Алла қалауымен өмірге алып келдім. Сол күндердің бәрін еске алып, көңілім босап отыр. Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан үй сыйладық. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасауға Алла ой салды. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.
Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Бақыт деген - сен. Махаббат деген - сен. Қуаныш деген - сен. Бір жасың, құтты болсын жарығым!" - деп жазды ол.

Перизат Саденова
Бөлісу: