Facebook Messenger өздігінен жойылатын месседждерді сынақтан өткізуде

26 Қараша 2015, 12:00

Бұл мүмкіндік әзірге Франция еліндегі пайдаланушыларға қолжетімді.

Facebook Messenger мобильді қосымшасы өздігінен жойылып кететін месседждерді сынақтан өткізуде, яғни сіздің өзге біреуге аталмыш қосымша арқылы жіберген хабарламаларыңыз бір сағат ішінде жойылып кететін болады. Бұл мүмкіндікті Facebook әзірге тек Франция мемлекетіндегі пайдаланушыларға қолжетімді етті. 

Facebook өзінің «уақытша месседждерін» енгізсе, 700 миллион пайдаланушысымен бірге тікелей Snapchat балама мобильді қосымшасымен (Бір кездері  Facebook  аталмыш қосымшаны 3 миллиард долларға сатып алуға тырысқан) қызу бәсекеге түспек. Алайда біршама месседж қосымшалары бұған дейін-ақ дәл осы мүмкіндікті енгізіп үлгерген.

Snapchat (ағылш. snap — шапшаң түсірілген сурет) – фото және видеосы бар хабарламалармен алмасуға арналған мобильді қосымша. Жобаны Эван Шпигель, Бобби Мерфи және Френк Браун Стэнфорд университетіндегі оқуы кезінде жүзеге асырған. Қосымшаны қолдану арқылы пайдаланушы фото және видео түсіріп, өзі басқаратын тізімдегі қабылдап алушыларға жіберіп, уақыт бойынша шектеу қоя алады (2015 жылдың наурыз айына бұл шектеулі уақыт 1 мен 10 секунд аралығында болды). Одан кейін қабылдап алушы тараптың құрылғысына жіберілген месседж өшіріледі, бірақ мәліметтер Snapchat серверінен өшірілмейді. 

Мысалы, 211 миллион пайдаланушысы бар Line қосымшасы жақында ғана «Жасырын чаттар» («Hidden Chats») немесе белгілі бір уақытта жойылып кететін шифрланған месседждерін енгізді. Қытайдағы ең танымал WeChat месседж қосымшасы өзінің жарты миллиард пайдаланушысына 2014 жылдан бастап жіберілген хабарламаларын кері қайтаруға мүмкіндік берді.

Facebook уақытша месседждермен бірінші рет айналысып тұрған жоқ. 2012 жылдың желтоқсан айында, Snapchat енді-енді танымал бола бастағанда Facebook жіберілген фото мен видеолардың өздігінен жойылуына мүмкіндік беретін Poke қосымшасын іске қосқан болатын. Алайда, Snapchat қосымшасын «өлтіреді» деп бағаланған жоба сәтсіздікке ұшырады. Одан бері Snapchat пайдаланушылар санын 200 миллионға көбейте білді және жойылатын фотоларымен қатар бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін Live Stories секілді өзге де мүмкіндіктерін ұсынды. 

Уақытша хабарламалардың көрінісі

Хабарлама қабылдаған адамға месседждің уақытша екені ескертіледі.

Хабарламалар жойылып, олардың бос орындары қалады да, сізбен сөйлескен адамның жіберген месседждері жойылғаны туралы жазылып тұрады. 


Дәурен Омаров

Мақаланың түпұсқасы

Бөлісу: