Ежелгі Үрім философтарының нақылдары

8 Шілде 2016, 09:19

Аталы сөз

Оқырмандарымыздың назарына ежелгі Үрім философтарының айтқан нақыл сөздерін ұсынамыз. 

Философтар емес, айлакер алдаушылар ғана адам өз көңіл қалауы орындалғанда бақытты болады дейді. Бұл жалған, өйткені көңіл қалауы қылмысты қалау болуы да мүмкін. Қылмысқа ұласатын көңіл қалауы орындалғаннан, қалағаныңды алмай-ақ қойған дұрыс.

Цицерон 

 Гней НЕВИЙ (біздің эрамызға дейінгі 270-201 жылдар)

 Өзі мақтауға лайық адамнан мақтау естіген қандай жағымды…

 * * *

Адал жолмен жиналмаған дүние күлге айналады.

 

Тит Макций ПЛАВТ (б.э.д. III ғасыр – б.э.д. 184 жыл) 

 

Саған сенген кісінің сенімін ақта.

 

* * *

Пайдасына келген кезде барлық адамдар тәжірибелі.

 

* * *

Адамдар өзі түсінетінін ғана естиді.

 

* * *

Жалаңашты шешіндіре алмайсың.

 

* * *

Ақылдыға екі сөз де жетеді.

 

* * *

Істі өзің маңызды деп санағанда орындауға талаптану артады. 

* * *

Барлық істе шама болса зейнет-ті,

Шама асып кетсе – артық бейнет-ті. 

* * *

Қиындық жеңілдеу үшін қобалжуды азайт. 

* * *

Әзілмен айтылған нәрсені шын көрме. 

* * *

Жамандыққа жақсылық жасау жақсылыққа жамандық жасаумен бірдей. 

* * *

Куәге бір рет көргенді тарт, он рет естігенді емес. 

* * *

Өзінен өзі талап етіп отыратындардан адалдықты көбірек күтуге болады. 

* * *

Дарынның ұлылығы атаусыз қалып қоюы жиі кездеседі. 

* * *

Дүниең азайған сайын достарың да азая береді. 

* * *

Өз адамдарынан қашатын адамның өмірі қашумен өтеді. 

* * *

Ашу келгенде жұмсақ бола білген адам – ең ақылды адам. 

* * *

Ұятын жоғалту - өліммен тең. 

* * *

Артық сөзді қайтесің? 

* * *

Өзгенің қиындықтарынан үлгі алған адамға ақылды болу оңай. 

* * *

Құдай да керегін алады. 

* * *

Махаббатта бал да, у да мол. 

* * *

Бақытсыздықты ержүректікпен қабылдау – қиындықты жартылай жеңілдету.

* * *

Адамдар бар тілі – бал, жүрегі – у. 

* * *

Жүректің қақпасын тарс жауып қойма. 

* * *

Тасты қолыңмен ұруды таспен қолыңды ұрумен теңестір де қой. 

* * *

Мектепте оқудың да өз мерзімі бар. 

* * *

Күтуге өзіңді мәжбүрлей берме.

* * *

Өмірде күтілген істен күтілмеген іс жиі ұшырасады. 

* * *

Ылғи бақытты болу ешкімге бұйырмаған. 

* * *

Қажеттілікке жанасқан адамды ол барлығына үйретеді. 

* * *

Үрлеп тұрып жұту оңай болсын ба?!

* * *

Кей адамға өзіне лайықты жаза алу ғана масқара саналады. 

* * *

Маған дос еместердің мені күндегенін, мен өзімнің дос еместерімді күндегенмен салыстырғанды дұрыс көрер едім. 

* * *

Алтыннан қымбат кеңес бар. 

* * *

Тағдыр бізге өз қалауын жасайды және езгілейді.

* * *

Суды сүзгімен сүзбейді.

  

Квинт ЭННИЙ (біздің эрамызға дейінгі 239-169 жылдар)

 

Лайықсызға жасалған жақсылық та жамандық. 

* * *

Шын дос қиыншылықта көрінеді. 

* * *

Әйел табиғаты қызық: сен қаласаң, ол қаламайды; сен қаламай тұрғанда оны құштарлық кернейді.

 

Стаций ЦЕЦИЛИЙ (б.э.д. 168 жылы қайтыс болған.

 

Қалағаныңды бермесе, бергенін ал. 

* * *

Өткеннің ізін құрметте.

* * *

Әділетсіздікке төзуге болады, абыройдан айырғанға төзуге болмайды. 

* * *

Өзінің бақытсыздығын жасыруға шамасы келмеген адам аяуға лайық. 

* * *

Біреуге сенсең, барлық істе де сен. 

* * *

Қалауынша өмір сүре алмаған, қолдан келгенінше өмір сүреді. 

* * *

Ақымақ сөзді тыңдауым мүмкін, бірақ орындауым мүмкін емес.

* * *

Өз қарызын білетін адамды Құдайдай көр.

 

 

КАТОН үлкені (біздің эрамызға дейінгі 234-149 жылдар)

  

Ессіздіктен болған ашу көп ұзамасын.

* * *

Ақылдымен сөйлескенде сөзді аз тұтын. 

* * *

Сені біреу мақтаса, соған лайықсың ба, тексеріп көр. 

* * *

Жас адамдардың беті қызаратындары жақсы, беті бозаратындары емес. 

* * *

Бүкіл тәні – кеңірдектен екі аяқтың басталар жеріне дейін – қарынға айналған адамнан пайда жоқ. 

* * *

Бос іске маңыз беретін адамның маңызды істе бостығын көресіз. 

* * *

Ылғи жаз болып тұрмайды. 

* * *

Барлық адамды қанағаттандыратын заң жоқ. 

* * *

Іске ие бол, сөз табылады. 

* * *

Басқаларда болмағанын қалайтын нәрсенің өзіңде болмауын қадағала. 

* * *

Керек нәрсені емес қажет нәрсені ал. 

* * *

Сөзді әркім айтады, ақыл – сирек. 

* * *

Ғалымдық – ащы тамырдың тәтті жемісі.

 

 

Публий ТЕРЕНЦИЙ (біздің эрамызға дейінгі 195-159 жылдар)

  

Санасы бар қолына мылтық алмай тұрып барлық шараны жасап көреді. 

* * *

Ақылды болу – аяғыңның астындағы көру емес, болашақты болжай білу. 

* * *

Теңдікке теңдік жаса. 

* * *

Біз бәріміз деніміз сауда ауру адамдарға ақыл беруге әзірміз. 

* * *

Бар үміт пен сенім - өзіңе болсын.

* * *

Өмірдегі басты қағида – шамадан тыс ештеңе болмасын.

* * *

Махаббатқа негізделген билік күшке негізделген биліктен мықты. 

* * *

Басы оңбаса, аяғы қайдан оңсын. 

* * *

Әйел әйелді, еркек еркекті тезірек түсінеді. 

* * *

Екі кісі бірдей ісі үшін бірдей жаза алмайды: біреулердің жазадан қорықпай істейтін ісін біреулер жасағанда жазаланады. 

* * *

Бірдей істі екі адам атқарғанда нәтиже бірдей болмайды.

* * *

Рух ауытқи қалған сәттерде оны басқа жаққа бұрып әкетуге болады. 

* * *

Махаббат адамды танымастай өзгертіп жібереді.

* * *

Үмітті ақшаға сатып алмаймын. 

* * *

Дұрыс түсіндіріп бере алмағаннан да ой бұрмаланып кетеді. 

* * *

Бұрын айтылмай қалған ештеңе де жоқ. 

* * *

Бір өтірік екіншісін туындатады. 

* * *

Қанша адам болса, сонша пікір бар. 

* * *

Батылға тағдырдың өзі де жәрдемдеседі. 

* * *

Бірін-бірі сүйетіндердің ұрыс-керісі – махаббатты жаңғыртады.

 

Гей ЛУЦИЛЛИЙ (біздің эрамызға дейінгі 180-102 жылдар)

  

Бақытты көтере біл, қиындықты мойындай біл. 

* * *

Егер адам өзіне керектіге қанағаттанып қоя салар болса, онда оның төрт құбыласы түгел болған болар еді. 

* * *

Еңбек болған соң оның пайдасы да, абыройы да болсын. 

 

Марк Теренций ВАРРОН (б.э.д. 116-27 жылдар)

 

 

Бірінші қадам ғана қиын.

  

ЛАБЕРИЙ (біздің эрамызға дейінгі 106-43 жылдар)

  

Барлығы бірдей бірінші болмайды.

  

Марк Тулий ЦИЦЕРОН (біздің эрамызға дейінгі 106-43 жылдар)

 

Ұқыптылық – жеткіліктіліктің маңызды көзі.

* * *

Кешірек келген ойдың дұрысырақ болатыны бар. 

* * *

Ойдың кеселі тәннің кеселінен зияндырақ және жиі кездеседі. 

* * *

Қағаз қызармайды.

* * *

Айыпты еместігіңді сезіну – ұлы жұбаныш.

* * *

Шешеннің артықшылығы керек сөзді әдемілеп айту ғана емес, айтпайтын сөзді айтпай қалу. 

* * *

Қылмысты қолдаудың басы – жаза бермеу.

* * *

Өзіне-өзі ғашық адамда бәсекелес болмайды. 

* * *

Дұшпандар ылғи да шындықты айтады. 

* * *

Өнер атаулының бәрі ақиқатты тануға ұмтылады. 

* * *

Ізгілікке ие адам – бақытты.

* * *

Табиғатпен үйлесімде жасалған іс бақыт әкеледі. 

* * *

Қорқып тұрған затыңнан гөрі қорқыныш кіргеннің өзінде жамандық көбірек.

* * *

Қорқыныш пен қауіп кірген кезде біз таңғажайып оқиға бола кетсе дейміз. 

* * *

Бар табиғат өзін-өзі сақтауға ұмтылады. 

* * *

Іс өзі туралы айтып тұрса, сөздің керегі не?

* * *

Өзгенің кемшілігін көргіш болып, өзінікін байқамау – ақымақтық.

* * *

Ашу – ессіздіктің басы. 

* * *

Күнә жасауға ешкімге де рұқсат жоқ. 

* * *

Қарақшылардың да өз заңдары бар. 

* * *

Іс еңбекпен жасалады. 

* * *

Сүйетін адам үшін ешбір қиындық жоқ. 

* * *

Айыптаушы айыпталушының мойындауын күтеді. 

* * *

Ерлік көп сатылы. 

* * *

Жағымпазға құлақ түрсек - жағымпаздықты мақұлдағанымыз. 

* * *

Рахатқа батқанда біз қанағатшыл болуды ұмытпауымыз керек. 

* * *

Кітабы жоқ үй жаны жоқ тәнмен тең. 

* * *

Бейбіт келісімге келу күтілген жеңіске қарағанда жақсы әрі сенімді. 

* * *

Дос – екінші “Мен”. 

* * *

Табиғатты өзі бізге күніге қаншалықты болмашы, қаншалықты аз ғана нәрсе керек екенін есімізге салып тұр. 

* * *

Біздің күшіміз басып тасталатындай емес, қалпына келетіндей етіп қана жеп-ішу керек. 

* * *

Өмір қысқа, бірақ даңқ мәңгілік болуы мүмкін. 

* * *

Өлгендердің өмірі тірілердің зердесінде жалғасады. 

* * *

Өмір сүру дегеніміз – ойлау.

* * *

Заңдар не істеуге болатынын айта отырып, не істемеу керектігінен белгі береді. 

 * * *

Кітап оқу – жасқа білім қосады, кәрілікті шаттандырады, бақытты әрлейді, бақытсыздықта басу айтады, үйде қуантады, түзде зиянсыз. 

* * *

Жасырын дұшпандық көрініп тұрған өштіктен қауіптірек. 

* * *

Жер өзінің алғанынан артық ештеңе қайтармайды. 

* * *

Әділдіктен аулақ білім ақыл емес, айла қосады.

* * *

Заңды білу ондағы сөздерді есте сақтау емес, оның мағынасын түсіну. 

* * *

Табиғатты зерттеу мен бақылау ғылымды туғызды.

* * *

Сәулет пен әсемдік денсаулықтан бөлектене алмайды. 

* * *

Ізгілікті бағалы және лайықты ететін әрекет қой. 

* * *

Ақшасы бардың жазасы жоқ. 

* * *

Біреулер ескі махаббатты жаңа махаббатпен алмастыру сынаны сынамен ұрып шығару секілді іс деп таниды. 

* * *

Ақиқат қашан да өзін-өзі қорғай алады. 

* * *

Ойлау өнері сөйлеу өнерінен өзгешерек, өйткені ойлау өнері – істі білу, сөйлеу өнері – сөзді білу.

* * *

Шын шешен жай затты қарапайым сөзбен, ұлы нәрсені – көтеріңкі сөзбен, орта нәрсені – мөлшерімен жеткізеді.

* * *

Тарих – уақыттың куәсі, ақиқаттың сәулесі, зерденің өмірі, өмірдің ұстазы, ескінің хабаршысы.

* * *

Әркімдікі өзіне сұлу. 

* * *

Әр адамға өзіңнің қолыңнан келетіндей және жақсылық жасаған адамың соны қабыл ала алатындай жақсылық жаса.

* * *

Әр адам өзін-өзі жақсы көргенде, сол махаббаты үшін бір марапат көргісі келіп емес, өзі өзіне қымбат болғаны үшін жақсы көреді. Нақ осыны достыққа пайдаланып көрсек, онда біз ешқашан шын дос таба алмаймыз. 

* * *

Әр адам да адасуы мүмкін, бірақ ақымақ қана адасуын жөн санайды. 

* * *

Әр адам - өзінің ішкі әлемінің көшірмесі. Кім қалай ойласа, өзі де сондай. 

* * *

Достықта да, мемлекеттік қызметте де жорта жасау мен жағыну болмауы тиіс. 

* * *

Зұлымдық жақсылықты жамандыққа жығып береді.

* * *

Қазіргісімен мақтана алмайтындар кешегісін мақтан етеді. 

* * *

Заң қатаң болған сайын әділетсіздікке жақындай түседі.

* * *

Досынан да шындықты естігісі келмейтін жағдайға барып қалған адамнан үміт күтпе. 

* * *

Тарихтың бірінші заңы – қандай да болмасын өтіріктен қорқу, содан соң қандай да болмасын шындықтан қорықпау. 

* * *

Ұяла білмеу айып қана емес, жазалауға лайық іс.

* * *

Бір рет қарапайымдылықтың шекарасын аттаған адам оны ұдайы жасайтын болады және онысы ашық ұятсыздыққа бастайды. 

* * *

Қасірет шеккен ұмытпайды. 

* * *

Жеңілтектік жалындап тұрған жасқа лайық. 

* * *

Өзіне сенімді адамда қорқыныш болмайды. 

* * *

Жағымпаздық – кемшіліктерге көмекші. 

* * *

Бет – жанның айнасы. 

* * *

Бір рет жалған ант берген адамға одан қайтып ешкім сенбейді.

* * *

Ақыл туралы ілімге ғашықтық философия деп аталады.

* * *

Құштарлық адамды көзсіз етеді.

* * *

Ізгі адамдардың арасында бәрі ізгі.

 

* * *

Мен жас адамнан қарттықтың жақсы бір белгілерін, қарт адамнан жастықтың жақсы бір белгілерін көрсем қуанамын.

 

* * *

Ойдың сапырылысы көпсөзділікке алып келеді.

 

* * *

Ақылдыға өзі өкінетін істі жасау жат.

 

 * * *

Ақыл барына риза, жоқты сұрамайды.

 

* * *

Сократтың ақылдылығы сонда, ол білмейтінін білемін дегенді ойына да алған жоқ.

 

* * *

Біздің мүсіркей қарауымызды қажет етпейтін адамға мүсіркей қарап жүрміз.

 

* * *

Біз қажеттілік бізге басқалар белгілеген пікірлерді қорғауға мәжбүрлегенде емес, өзімізше пікір айта ете білгенде ғана шын мәнінде еркінбіз.

 

* * *

Не көбірек әділетті болса, сол көбірек пайдалы.

 

* * *

Қылмыс жасауға тартып тұратын нәрсе – қылмысым үшін жаза алмауым мүмкін деген есеп.

 

* * *

Алдымен Отан мен ата-ана, одан кейін от басы, содан соң басқа туыстар.

 

* * *

Өзіңді қалай бағаласаң, өзгелер де сені солай бағалайды.

 

* * *

Қарау болмау – байлық, шашып-төкпеу – табыс.

 

* * *

Тоғышарлық - ақылдың түні, айсыз және жұлдызсыз түн.

 

 * * *

Өзін ешкім сатып алғысы келіп тұрмаған адамның адалмын дегені онша құрметті емес.

 

* * *

Біреулердің көңіліне қорқыныш кіргізгісі келіп тұрғандардың өздері, қорқыныш кіргізгісі келгендерден қорқып тұрмасына кепілдік жоқ.

 

* * *

Даналыққа ие болу аз, оны пайдалана білу керек.

 

* * *

Біреулердің аты ғана адам.

 

* * *

Қорыққан адамыңды да, сенен қорқатын адамды да сүю мүмкін емес.

 

* * *

Ызалы куәнің сөзіне сенбе.

 

* * *

Қажеттілік – қауіпті қару.

 

* * *

Үйіне қарап иесін құрметтеме, иесіне қарап үйін құрметте.

 

* * *

Ар мен абыройға қарсы келетін талапты қоймау және оны орындамау – достықтың басты шарты.

 

* * *

Сөз алғанда өз иелігіңнен біреуді қуып шығарып тастағысы келгендей басымдық етпе, әркімге де сөз кезегін бер.

 

* * *

Әділетсіздік екі тәсілмен жасалады: зорлықпен немесе алдаумен.

 

* * *

Табиғаттан үйлесімді ештеңе жоқ.

Табиғаттан ретті ештеңе жоқ.

 

* * *

Шындықтың беті ашылғаннан тәтті не бар?

 

* * *

Өзіне жәрдем бере алмайтын ақылдының ақылынан не пайда?

 

* * *

Философтар емес, айлакер алдаушылар ғана адам өз көңіл қалауы орындалғанда бақытты болады дейді. Бұл жалған, өйткені көңіл қалауы қылмысты қалау болуы да мүмкін. Қылмысқа ұласатын көңіл қалауы орындалғаннан, қалағаныңды алмай-ақ қойған дұрыс.

 

* * *

Жағымпаз атанбау үшін мақтаудан аулақ жүремін.

 

* * *

Сумен де, отпен де біз достықпен пайдаланғандай жиі пайдаланбаймыз.

 

* * *

Қай қулық болса да ұзаққа бармай ашылады.

 

* * *

Өлімнен қашып құтылар ешкім жоқ.

 

* * *

Өзінше ессіздіктің бір түрі - жанның жалыны мен аздаған шабыт болмай жақсы ақын болуға болмас. Мұны Демокрит пен Платон да айтып кеткен.

 

* * *

Сатқынға сену ақылдының ісі емес.

 

* * *

Жаңашыл істің бір де біреуі әбден жетілген болмайды.

 

* * *

Ешбір өнер өзімен-өзі тұйықталып қалмайды.

 

* * *

Қартайған сайын жалқаулық пен қол қусырып отырудан қаш.

 

* * *

Ештеңе де мәңгі гүлдеп тұрмайды.

 

* * *

Кездейсоқтық сана мен тәртіпке қарама-қарсы нәрсе.

 

* * *

Мінез ұқсастықтары адамдарды жақындастырады.

 

* * *

Әзілде де шама керек.

 

* * *

Табиғатты дәстүр де жеңе алмақ емес, өйткені табиғат ешқашан жеңілмейді.

 

* * *

Олар өзінің алдында емес, өзгелердің алдында сөйлеуді үйренген.

 

* * *

Ақылды пікірден де абайшыл әрекет дұрыс.

 

* * *

Жайлылық болған кезде барлық қолайсыздықтан тұтастай құтылдым деп ойлаған адам қателеседі.

 

* * *

Зердені жаттықтырып тұрмаған адам ұмытшақ бола береді.

 

* * *

Тарихтың бастапқы мақсаты - өтіріктен сақтану, екінші – шындықты бүгіп қалмау, үшінші - өзіңді мәліметтерді бұрмалады деп немесе орынсыз өшпенділік жасады деп ешкім күдіктенбейтіндей жағдайда болу.

 

* * *

Жалпылама сөзді қою керек.

 

* * *

Қалам – жақсы ұстаз, жазылған сөз бірден айтқан сөзден жатық болады.

 

* * *

Сөзді ойната білетіндер хат жазудың шебері келеді.

 

* * *

Байлықтың жемісі – молдық, молдықтың көрінісі – қанағат.

 

* * *

Өзіңді өзің таны.

 

* * *

Демін алуға шамасы келіп жатқан ауру адамнан үміт ет.

 

* * *

Үлкен қайғы өліммен аяқталады, жеңілдеу қайғы бізге мұрсат береді, одан жеңілірегін өзіміз жеңеміз.

 

* * *

Жақсы бастық – сөйлеп тұрған заң, жақсы заң – сөйлемейтін бастық.

 

* * *

Даналардың іс-әрекеті ақылмен, одан төменіректерінікі – тәжірибемен, тоғышарлардікі – қажеттілікпен, жануарлардікі – табиғаттың өзімен жасалады.

 

* * *

Ақын болып туылады, шешендік біртіндеп қалыптасады.

 

* * *

Әділет соты әркімнің өзіндегісіне баға береді.

 

* * *

Өзін басқара алу жағдайында болу – тамаша.

 

* * *

Болашақты көре білу болжаулар мен белгілерге қарап емес, ақылға сүйеніп жасалуы тиіс.

 

* * *

Еңбекқорлығы да, ұмтылысы да, қамқорлығы да жоқ адамдар өзіне де, өзгелерге де жақсылық жасап жүрген жоқ.

 

* * *

Әдеттену – екінші келбет.

 

* * *

Табиғат азға да қанағат етеді.

 

* * *

Табиғат адамға ақиқатты табуға тырысу қабілетін берген.

 

* * *

Табиғат жалғыздыққа төзбейді.

 

* * *

Табиғат бізді жаратқанда үлкен, елеулі істер үшін жаратқандай.

 

* * *

Бізге табиғат берген тұрақжай уақытша.

 

* * *

Мақтауға лайық өмір сүрген адамдардан мақтау алу жағымды-ақ.

 

* * *

Өмірде әркім өз теңіне жолығады.

 

* * *

Қару - түренге жол берсін. Соғыс - бейбітшілікке жол берсін.

 

* * *

Жер астындағы патшалыққа баратын жол біреу-ақ.

 

* * *

Байлықтың көлемі табыспен емес, әдетпен және өмір сүру тәртібімен өлшенеді.

 

* * *

Ақиқат пен ойдан құрастырылған нәрсені айыруда санада таңдау жоқ.

 

* * *

Шашып-төгу – мырзалыққа еліктейді.

 

* * *

Ең басты әшекей – таза ар.

 

* * *

Өзіне ғана тәуелді адам - ең бақытты адам.

 

* * *

Өмірдегі доссыз жалғыздықтың өзі жауыздық мен қорқынышқа толы екендігі достықтың керектігіне нұсқап тұр.

 

* * *

Табиғаттың өзі жаратқан зат өнерден жаратылғанға қарағанда жетіліңкіреген.

 

* * *

Көп алдайтын адамдар адал боп көрінуге құштар.

 

* * *

Ұлылардың да, ержүрек адамдардың да тәндері өлуі мүмкін, аты мен даңқы өлмейді.

 

* * *

Оқығысы келгендерге оқытып жатқандардың беделі залал келтіруі де мүмкін.

 

* * *

Шындықты айтып, сол арқылы оған берілгендік көрсету жолында досыңның көңіліне тиіп қалады-ау деме.

 

* * *

Отан ғана барлық адамға бірдей қымбат.

 

* * *

Еңбек қайғыны жеңілдетеді.

 

* * *

Қанағатшыл, жайдары және сыйыса кететін мінездегі қарттардың өмірі жеңіл болады, қабағы қату, төзімділігі аз адамға қай жаста болса да қиын.

 

* * *

Адамның ақылы ылғи да бір қызметті атқаруға ұмтылумен болады және ұдайы болатын тыныштыққа, қандай жағдайда болса да, төзбейді.

 

* * *

Фортуна өзі ғана көрсоқыр емес, ол өзінің сүйіктілерін де көрсоқыр етеді.

 

* * *

Мақтау сөздер – осалдықтың бірінші белгісі, үлкен істер қолынан келетін адам мақтау айтудан қашады.

 

* * *

Гректің мына бір мақалы рас: әркім қолынан келетін өнермен ғана айналыссын.

 

* * *

Батыл адамға тағдыр да, саналы шешім де жәрдем береді.

 

* * *

Адамгершілікті нәрсені пайдалы нәрседен артық бағаламау – ең ұят іс.

 

* * *

Адам өзіне-өзі бағынуды және өз шешімдеріне мойынсұнуды үйренуі тиіс.

 

* * *

Әр адам да қателесуі мүмкін, қателігінде табандап тұрып алатын адам – ақымақ.

 

* * *

Адам ақылды болған сайын қарапайым келеді.

 

* * *

Адам дарынды және қабілетті болған сайын біреуге ұстаздық етерде қиналады.

 

* * *

Адам адал болған сайын біреуді арамдықта азырақ айыптайтын болады.

 

* * *

Нені ексең, соны орарсың.

 

 

Гай Юлий ЦЕЗАРЬ (біздің э.д. 102 немесе 100-44 жылдар)

 

 

Ұлы істерді жасарда көп ойланба.

 

* * *

Өз еркімен өлімге де бет ала беретіндер - ауырсынуға төзе алмайтындар.

 

* * *

Өлімді күтіп жатқаннан, өліп қалғанның өзі жақсы.

 

* * *

Адамдар өздері сенгісі келмеген нәрсеге алдымен сенеді.

 

* * *

Қонақты ренжітуге болмайды.

 

* * *

Тәжірибе – бәрінің ұстазы.

 

* * *

Римде екінші болғаннан, кедей қалада бірінші болғанды қалар едім.

 

* * *

Біздің табиғатымыз солай: көзге көрінбейтін, жабық және танылмаған заттар біздің көңілімізге сенім ұялатады әрі қорқыныш туғызады.

 

* * *

Келдім, көрдім, жеңдім.

 

 

Корнелий НЕПОТ (біздің эрамызға дейінгі 100-32 жылдар)

 

 

Артық сенімділік әдетте қиындыққа бастайды.

 

* * *

Әр адамның тағдыры оның өз мінез-құлқына орай құрылады.

 

* * *

Бейбітшілік соғыс арқылы да келеді.

 

 

Тит Кар ЛУКРЕЦИЙ (біздің э.д. шамамен 96-55 жылдар)

 

 

Өлмейтін өлім болады.

 

* * *

Табиғат бәрін жетілдіреді.

 

* * *

Жай сөздермен өлмес сөздер қалдырылады.

 

* * *

Істің өзі - өзі үшін сөйлеп тұрады.

 

* * *

Тесік көзені толтыра алмайсың.

 

* * *

Құдай да жоқтан бар жасамайды.

 

* * *

Өз күшін бағамдамайтын адам жоқ.

 

* * *

Өтіріктің өтірік екені дәлелдеумен ғана айқындалады.

 

* * *

Дін де адамдарды талай-талай жаман істерге итермелеген.

 

* * *

Бір істі санамен ойлап, оның орындалуына дейін қиялдан өткізу қандай тез жасалады.

 

* * *

Өзі өлгенмен ісі өлмейтін адамдар бар.

 

 

Марк Порций КАТОН кішісі (біздің эрамызға дейінгі 95-46 жылдар)

 

 

Досыңнан бір істен күдіктенсең, достықты үзіп жібермей-ақ, байлауын байқаусыздау шеше салған орынды.

 

* * *

Айтқанының зияны үндемей қалғанының зиянынан көбірек адамдар бар.

 

 

Гай Валерий КАТУЛЛ (біздің эрамызға дейінгі 87-54 жылдар)

 

 

Ақымақ күлкіден артық ақымақтық жоқ.

 

* * *

Әйелдің еркектің қойынында жатып айтқан сөзі желге, я болмаса ағын суға жазылған хатпен бірдей.

 

Бөлісу: