Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 500 метр қашықтыққа 34,46 секундта жетіп, үздік нәтиже көрсетті. Мәреге екінші болып канадалық Лорен Дюбрель жетті. Оның уақыты – 34,51 секунд. Қола жүлдені 34,52 секунд уақытпен нидерландтық Еннинг Де Боо иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін осы Әлем кубогының кезеңінде спортшымыз Евгений Кошкин үшінші орын алған болатын.