Евгений Кочетов «БҰҰ-әйелдер» құрылымының басшысымен кездесті

2 Наурыз 2023, 21:45 863

АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстандағы БҰҰ-ның елдік кеңселерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесуге Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының басшысы Мария Доценко, БҰҰ-ның халық саласындағы қорының (UNFPA) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев қатысты.

Жиын барысында министрліктің осы құрылымдармен 2023 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қаралды.

Өз сөзінде вице-министр Евгений Кочетов мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында басшылық лауазымдарға тағайындау кезінде әйелдерге арналған 30% квотаны енгізу жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуы бойынша айтты.

Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жанжалдардың алдын алу мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы жөніндегі 1325 қарарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәлімдеді.
 
Жүздесуде тараптар бірлескен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара ниет білдірісті.

EL.KZ
Бөлісу: