Евгений Федоров велоспорттан Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды

13 Маусым, 01:37 395

Алматыда велоспорттан Азия біріншілігі жалғасуда. Бүгін ерлер арасындағы топтық жарыс жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

151 шақырымға созылған жарыста Оңтүстік Корея өкілі Ро Ким жеңіске жетсе, күміс медальді қытайлық Сянжин Лью иеленді. 

Қола медаль қазақстандық Евгений Федоровтың еншісінде.

Айта кетейік, бұған дейін ол жекелей сында топ жарған болатын. 

Зарина Арман
Бөлісу: