Еуропадағы қазақ диаспоралары

30 Қыркүйек 2015, 03:42

Кезінде Қытайға бас сауғалап көшкен қазақтар, кейін Пәкістан, Иран; Түркия жағалай келіп, Еуропаға көшіп келген болатын.

Кезінде Қытайға бас сауғалап көшкен қазақтар, кейін Пәкістан, Иран; Түркия жағалай келіп, Еуропаға көшіп келген болатын. Олардың саны бүгінде бес мыңға жуық. Негізінен Ұлыбритания, Германия, Польша және Финляндия елдерінде шоғырланған.

«ГФР-да екі мыңнан астам этникалық қазақтар тұрып жатыр. Қазақтар Германияда Қазақстаннан қоныс аударған немістермен бірге олардың отбасы мүшелері ретінде келген деген пікір бар. Мен өзім ГДР кезінде неміс жерінен табылған қазақстандық мигранттарға жатамын. Германияда қазақтар негізінен ірі қалаларда тұрады: Берлинде, Франкфурт-на-Майнеде, Мюнхенде, Кельнде, Гранноверде. Олардың көбі өздерінің шығу тегін естерінен шығармаған және туған қазақ тілін де ұмытпаған,» - дейді, Берлиндегі Германия-Қазақстан қоғамы директорының орынбасары Галина Нұртазинова.

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің мәліметі бойынша, осы елде мыңға тарта қазқ тұрады. Негізінен, студенттер және жұмысқа келген Қазақстан Республикасының азаматтары. Ал, осы елге қоныс аударға этникалық қазақтар туралы айтар болсақ, бүгінгі таңда Ұлыбританияда 45 қазақстандық отбасы (300-ден астам адам) тұрақты өмір сүріп жатыр. Бұлардың басым бөлігі тарихи Отанынан тыс жерде туып-өскен қазақтар. Лондонда ҚР Елшілігі жанында қазақ тілін, тарихы мен мәдениетін зерделеуге мүмкіндік беретін қазақ тілі мен әдебиетін оқыту орталығы жұмыс істейді. Ұлыбританиядағы орталыққа қазақ диаспорасы қауымдастығының төрағасы Исамил Кесиджи жетекшілік етеді.

Германияда қазақтар бірнешебасты қалаларда қоныстанған. 2012 жылғы жүргізілген санақ бойынша, Кельнде 500, Мюнхенде 400, Берлинде 110, Гамбургте 34, Майнцте 11, Франкфурт-на-Майнеде 7, Хайдельбергте 7 адам тұрып жатыр. Бұндағы диаспора негізінен, өткен ғасырдың 50-60 жылдары Түркиядан қоныс аударғандардан құралған. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстаннан ГФР-ге аралас отбасы құрамындағы кейін қоныс аударғандар екінші бөлігін құрайды. ҚР Елшілігінің көмегімен Германияда үш қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді.

Финляндияда 300 қазақ тұрып жатыр. 2012 жылы Финляндияның Хельсинки қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылуы өтті.

Польшада 20 этникалық қазақ тұрып жатыр. Польша республикасы аумағында қазақ диаспорасының тілін сақтау және дамыту үшін қазақ тілі орталығы жұмыс істейді, бірақ қазіргі уақытта өз қызметін тоқтатты. 


Дария Жумалиева

Бөлісу: