Еуро-2026-ға іріктеу: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті

7 Наурыз, 22:02 670

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026-ға іріктеу аясында Албаниядан басым түсті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

7 наурыз күні құрамамыз Астанада Албанияны қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан сапынан Лео дубль авторы атанса, Дамир Қайырбай мен Шыңғыс Есенаманов бір-бір голдан соқты. Осылайша Кака шәкірттері өз тобында үшінші жеңісіне қол жеткізді. Дегенмен әлі де екінші орында тұр.

Қазақстан – Албания – 4:2

6'25 - Қайырбай (1:0)

6'42 - Лео (2:0)

16'26 - Лео (3:0)

23'24 - Шкодра (3:1)

25'41 - Есенаманов (4:1)

38'55 - Тома (4:2).

Құрамамыз шешуші кездесуін сырт алаңда Армениямен өткізеді.

Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатының финалдық турниріне тікелей жолдама алады.

Еуро 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Рига (Латвия) мен Каунаста (Литва) өтеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: