Еуро-2024: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

30 Мамыр 2023, 06:27 1100

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Сан-Марино (16 маусым) және Солтүстік Ирландия (19 маусым) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жалпы тізімге 34 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – «Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Талғат Көсеяпов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Тобыл»), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – «Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Жаттықтырушылар штабы:

Магомед Адиев – бас бапкер,

Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі,

Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі,

Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы,

Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы,

Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: