Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз - Президент

27 Сәуір 2023, 11:47 773

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек. Бұл жұмысты орталықта және аймақтарда жүргізген жөн. Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде шынайы пікір алуандығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды, - деді президент. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы азаматтардың пікір алуандығы болғанымен, этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуы тиіс екенін айтты.

Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз, - деді мемлекет басшысы.

 

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: