Этно-FASHION Астанада

11 Желтоқсан 2014, 11:55

«Әйел және мәдениет «Лашын» қоғамдық бірлестігі Астанада «Сән мен Сахна» V Халықаралық сахна костюмі фестивалін өткізді.

«Әйел және мәдениет «Лашын» қоғамдық бірлестігі Астанада «Сән мен Сахна» V Халықаралық сахна костюмі фестивалін өткізді. Фестивальдің басты мақсаты - Сахна саңлақтарының еңбектеріндегі ерекшеліктерді саралап, көрермен талқысына ұсыну. Бұл фестивальге түркиялық сән институтының Яманлар сәнгері, еліміздің көптеген өнер майталмандары мен сәнгерлері қонақ болып қатысты.

Әрбір адамның киімі сол адам туралы көп ақпарат беретін болса, тұтастай бір ұлттың киімі сол халықтың тарихынан, салт-дәстүрі мен наным-сенімімен сыр шертеді. Тарихы мен тамыры аралас қазақ-түрік халықтарының ұлттық киімдері өзінің сән-салтанатымен, нақыштарының молдығымен, оюларының әсемдігімен ерекше көз тартады. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан талғамы жоғары ата-бабаларымыз барқыт, жібек сынды қымбат маталардан киім киіп, таза былғарыдан етік тіккізген. 

Ұлттық киімдер уақыт өте қайта сәнге айналды. Әрине, дәл сондай пішімде емес. Бүгіндері қазақы ою-өрнектермен көмкерілген заманауи киім үлгілеріне сәйкестендіріліп тігілген киімдерді жиі кездестіреміз.

 

Барлық суреттерді көру үшін мына сілтемені басыңыз.

Бөлісу: