«Этно-Fashion» ұлттық костюмдер фестивалі

3 Наурыз 2018, 04:27 2834

Әр этностың мәдениетінде ұлттық костюм ерекше орын алады. Бұл жай киім заттары ғана емес, себебі ғасырлар бойы костюм жасау үшін адамдар қайталанбас ерекшеліктерін беріп, өзінің бар жаның салатын.

Костюм тігуде мата таңдаудан бастап, оюлар мен өрнектерді рәсімдеуге дейін бәрі нышанды болды. Костюм халықтың дәстүрін, өмірлік салтын, оның рухани мәдениетін, темпераментін көрсететін.

Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күнінде, Петропавл қаласының Достық Үйінде «Этно-Fashion» ұлттық костюмдер фестиваль байқауы өтті. Бұл 3 жыл бойы дәстүрлі түрде өтіп жатқан іс шара. Жыл сайын байқау терең мәні мен руханиға толы. Солай-ақ, осы жылы, қатысушы ретінде аудан этномәдени бірлестіктерінің өкілдері болды. Олар молдава, орыс, қазақ, неміс, шешен, әзірбайжан, поляк халықтарының ұлттық костюмдерін ұсынды. Өз кезегінде облыстық этномәдени орталықтары белорус, орыс және казак ұлттық костюмдерін ұсынды.

Байқау бағдарламасы үш кезеңге бөлінді, оның ішінде қатысушыларға өзінің шешендік, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік берілді, сондай-ақ, қонақжайлығын, ана тілін және ұлттық тағамдарды ұсынуға.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданнан келген қатысушылардың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары таңқаларлық болды: Астанамыздың 20 жылдығына арналып, өз қолынан жасалған  хутор.

Байқауға Жамбыл ауданынан келіп, шешен ұлттық костюмін ұсынған  қатысушылар әділ қазылар мен көрермендерді өте қуандырды. Олар іс шараның нағыз жұлдыздары болды.

Үш командаға бөлінген конкурсанттарға, ынтымақты команда құрастұру үшін мақал мәтелдер мен жаңылтпаштар, ағылшын, орыс және қазақ тілінен білімін тексеруге бағытталған «Полиглот» атты байқау өтті. Келесі байқау «Сәулетші» деп аталды және конкурсанттар Астана қаласының негізгі ғимараттары – Бәйтерек, Думан, Бейбітшілік пен келісім Сарайын салып, тағы да бұл тапсырманы өте тамаша орындады.  Соңғы байқау «Халықтың жаны» би байқауы. Оның барысында, қатысушылар әр түрлі ұлттық сәнде барлық командалар ынтымақты түрде би орындады. Бұл байқаулардың басты мақсаты ұлтқа қарамай команда мүшелерін бір-біріне жақындату.

Қатысушылар өз командаларына «Бірлік – Единство», «Достық», «Ашық аспан» деп атаулар берген. Осымен олар барлық этнос арасында өз достастығын, махаббатын, өзара түсіндіргенін дәлелдеді.

Құрамына кірген «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Найманқызы Есқожа, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Елена Фёдоровна Ереженова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің музыкалық тәртіп бойынша аға оқытушысы – Мнира Талғатқызы әділ қазы алдында қиын міндет қойылды: байқау жеңімпазын анықтау. Бірақ, барлық қатысушылар соншалықты еске қалып, жарқырап барлық конкурстарда өз этносының ұлттық костюмі мен мәдениетін лайықты ұсынғаны үшін әділ қазы мүшелері барлық қатысушыларға «Этно-Fashion» ұлттық костюмдер фестиваль байқауының жеңімпаздары атағын берді.

Іс шара аяғында үлкен дөңгелек үстел басында барлық қатысушылар бір бірімен танысып, өз эмоцияларымен бөлісіп, халық тағамдарынан дәм татты. Барлықтары бір ауыздан аумақта тұрып жатқан барлық этнос арасында ынтымақты нығайтатын осындай ұлттық костюмдер фестивалін болашақта өткізу керек екендігін айтты.

Бөлісу: