«Этиканы сақтаңыздар!»: Қанат Бозымбаев БАҚ пен блогерлерге ескерту жасады

25 Желтоқсан, 23:37 372

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ құлаған жерден ақпарат таратқан БАҚ өкілдері мен блогерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір өтініш айтқым келеді. Әлеуметтік желілерді қарап отырып, жағамды ұстадым. Белгілі басылым апат орнынан қаза болғандардың денелерінің бөлшектері бар (жантүршігерлік) видео жариялады. Өтініш, этиканы сақтаңыздар! Өйткені апаттан қаза тапқан жандардың жақындары мен туыстарына онсыз да оңай болып отырған жоқ. Олар бұл видеоны көрмесіне кім кепіл?! Кейбір журналистер күйіп қалған адам денелерінің бөлшектерін көрсете отырып, хайптан ақша тапқысы келеді. Әрине, сіздер өздеріңіздің қаралымдарыңызды көбейтесіздер. Бірақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарының психикасы мен құқығын сыйлаңыздар, - деп ескертті Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар ол ақпарат таратушыларға заң тұрғысында құқықтық баға беріледі деп отыр.

Біз ертең бұл мәселені ертең қолға аламыз. Түсінікті болу үшін айтайын, мұндай басылымдарға құқықтық баға беріледі, - деді вице-премьер.

Перизат Саденова
Бөлісу: