19 Шілде 2016, 12:04
Қазақстан Республикасының ғылыми-метрологиялық орталығы 1996 жылы құрылған. Эталонның негізгі міндетіне заттың ұзындығын, қатпарлылығын, салмағын және ауа-райына төзімділігін зерттеу жатады.
Мемлекеттік этолонның жұмысы мен мұнда орналасқан құрылғылар жайлы осы мекеменің қызметкерлері Қонқанов Марат пен Молдыбаев Дулат таныстырды.
Бүгінгі күні республика бойынша 101 эталондық база бар. Олардың 52-сі мемлекеттік, 49-ы жұмыс эталондары. Бұл базалар отандық экономиканың мүдделерін толықтай қамтамасыз етеді.
Бұл құрылғылардың дәлдігі 1 нанометр. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі. Демек құрылғы кез-келген өлшемнің дәлдігін — 99%. Қазақстанда мұндай құрылғы тек осы жерде ғана орналасқан.
Мемлекеттік эталондар Қазақстанның алты қаласында орналасқан. Олар: Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Ақтау, Өскемен.
Мемлекеттік эталондар көрсететін қызметтер:
|
|
Мемлекеттік эталондар көмегіне көбіне ірі автоконцерндер жүгінеді. Мұндай заманауи құрылғылар көліктердің тежегіш дискісінің дәлдігін анықтайды. Процес автоматтандырылған. Жұмысқа 15-20 минут уақыт кетеді.
Зерттеу нысанын арнайы құрылғыға салып +70 градустан -70 градусқа дейін температураға дейін көтеріп оның сапасын бақылайды. Егер осы температурада заттар шыдамдылық танытса, күнделікті тұрмысқа жарамды деген сертификат беріледі.
Сондай-ақ жаңбырдың немесе дымқыл ауа-райында қолданылатын заттарды «жаңбыр камерасына» салып оның төзімділігін байқайды.
Антенна немесе түрлі техникалар, ұялы телефондардың радиация мөлшерін бақылау үшін «шексіз кеңістік» құрылғысына салып сынайды. Бұл кеңістік ешқандай комуникация жетпеген бетпақ дала секілді. Мысалы: ұлылы телефоннан шығатын энергия (GSM) 900 мегагерцтан асатын болса — адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Рүстем ӘЛПИ
Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ