19 Маусым 2014, 06:31
Жаттығу.
Кроссвордтар мен түрлі логикалық есептерді шешіп, немесе қара өлең атаулыларын жатқа оқып, шет тілдерінен сабақ алу – есте сақтау қабілетінің ең мықты қалыптасуының себепкері екен. Бұл – миға жұмыс берудің ең оңай тәсілдері саналады.
Жүзім шырыны.
Егер біздің ағзамызға осы бір сусынды сіңірер болса, есте сақтау қабілетіміз 20 пайызға жоғарылайды. Ескертетін жайт, шырын – күлгі түстес болуы қажет. Оның құрамында миға пайдалы аксидонттардың үлесі зор.
Физикалық белсенділік.
Жүгіру мен жүру, би жатытығуларына қатысып неғұрлым денені көбірек қозғалтатын әрекеттерге бару – есте сақтауды күшейтеді.Мұндай қарқындылық ми қабатына кислород түсіріп өз әсерін беретін көрінеді.
Дыбыстап сөйлеу.
Әдетте, ақпараттарды дыбыстап қайталап отырсақ – ол жазу процесіне қарағанда жиі есте сақталады. Мәселен, телефон нөмірі, мекен-жай немес есімдер тізімі.
Ұйқы.
Ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқы процесін жақсы адамдар ұзағырақ өмір сүретін көрінеді. Ұйқы кезінде біздің ағзамыз тыныштыққа құрылады. Ұйқы уақытында гормондар көлемі жылдам өзгеріске түсіп отырады. Ұйқысы жақсы адамның есте сақтау қабілеті есе қатты дамыған.
Релаксация.
Медитация,йога, массаж секілді адам ағзасын тыныштыққ бөлейтін іс-әрекеттер бұл тарапта өз септігін тигізеді.
Көздің жаттығуы.
Егер адам баласы күн сайын таңертең көзді оңға, солға, жоғары,төмен қаратып 30 секундтай жаттықтырып тұрса, есте сақтау қабілеті 10 пайызға көтеріледі. Бұл – дәлелді қажет етпейтін факт. Ми қабатының екі бөлігі де бір-бірімен тығыз байланыста болып, есте сақтауға өз әсерін тигізеді.
Ассосациялар.
Кез-келген объектіні есте сақтап қалу үшін белгілі бір түске, я болмаса иіске, дәмге байланысты дүниелерді ерекше есте сақатаған дұрыс. Ол – әлгі объектіні жылдам еске түсіруге көмегін береді.
Тамақтану.
Денсаулық пен дұрс тамақтану – есте сақтау қабілетінде үлкен рөл атқарады. Әрине, бұл азықтар – антиоксиданттарға жатады. Жаңғақ, қаражидек, өрік және цитрусты өнімдерді тұтыну – әсіресе тиімді.
Витаминдер.
Бұл жердегі көшбасшы – «В» витамині. «В 12» витаминінің жетіспеуі -есте сақтау қабілетін толығымен бұзады (балық, ет, жұмытрқа, құс өнімдері т.б). Мидың жұмыс жасауындағы ең жақсы көмекші. Одан бөлек «С» және «Е» витаминдері де қолайлы.
Ми тарапына жасалынатын осындай жаттығулар арқылы есте сақтау қабілетімізді күшейте отырайық!