Эскиздер. алматы әуежайы қандай болады?

21 Шілде 2022, 04:48 2831

Әуежай жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады. 

Алматы әуежайының жаңа терминалы қандай болатыны жайында эскиздер жарияланды, - деп хабарлайды EL.KZ.  

Мамандар жаңа халықаралық жолаушылар терминалының концептуалды дизайнын талқылады. 

Шараға Алматы қоғамдық кеңесінің өкілдері, архитекуралық және экологиялық ұйымдардың мамандары, құрылыс ұйымдарының өкілдері, түрлі әуекомпания өкілдері, кәсіпкерлер және Алматы тұрғындары қатысты.

Қатысушылар жаңа терминалдың дизайны қандай болатыны жөнінде өз жобалары мен ұсыныстарын айтты. 


2021 жылы мамырда Алматы халықаралық әуежайын сатып алған TAV Airports компаниясы жолаушылар терминалын салуды жоспарлап отырғаны белгілі. 


Әуежай өкілдері нақты шешім шығарылуы үшін барлық ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін айтты, - деді әуеайлағының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, жаңа жоба іске қосылған жағдайда қазіргі бар инфрақұрылым нысандарын қосқанда алматылық әуежай жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады. 


EL.KZ
Бөлісу: