Еуропаға сапар шегуді жоспарлаған болсаңыз, Шенген визасы арқылы бір елден екіншісіне еш кедергісіз өте аласыз. Бұл виза Шенген аймағындағы барлық мемлекеттерде жарамды, бірақ оны алу үшін белгілі бір талаптарға сай болуыңыз керек. Сапарыңыздың мақсатын, қаржылық мүмкіндігіңізді және өз еліңізге қайта оралатыныңызды дәлелдеуге тура келеді. Шенген визасын алу үшін қандай құжаттар қажет? Ол қанша уақытқа беріледі? Виза рәсімдеу барысында нені ескеру керек? Ал паспортыңыздың мерзімі өтіп кетсе виза сақтала ма? El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап іздеп, Шенген визасын алу процесін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Шенген визасы иелеріне 180 күн ішінде 90 күнге дейін Шенген аймағында болуға рұқсат етіледі. Бұл уақыт үздіксіз немесе бірнеше сапармен жинақталып есептеледі, бірақ жалпы мерзім 90 күннен аспауы керек.
Шенген аймағы 29 елден тұрады, олардың ішінде:
Сонымен қатар, Шенген визасы иелеріне Кипрге кіруге мүмкіндік беріледі, бірақ бұл ел ресми түрде Шенген аймағына кірмейді.
Туристік Шенген визасын алу кезеңдері:
Қажетті құжаттар тізімі:
Айта кетейік, консулдық қосымша құжаттар сұратуы мүмкін. Барлық талаптарды орындау – визаның мақұлдануына кепілдік бермейді.
Визаны қашан алуға болады?
Қазақстан азаматтары жоспарланған сапардан 6 ай бұрын, бірақ кемінде 15 күн бұрын құжаттарын тапсыруы керек.
Өтінімді қарастыру мерзімі орташа 7-15 күн, бірақ кейбір жағдайларда 45 күнге дейін созылуы мүмкін.
Шенген визасының құны
Барлық Шенген елдері үшін бірыңғай консулдық алым белгіленген:
Қосымша шығындар:
Егер саяхат бір ғана Шенген еліне жоспарланған болса, онда виза сол елдің консулдығынан алынады.
Ал егер сапар бірнеше елді қамтыса, онда Шенген визасын алу үшін келесі екі ережені сақтау қажет:
Мысал:
Отбасы келесі бағыт бойынша саяхаттауды жоспарлайды:
Бұл жағдайда саяхаттың ең ұзақ бөлігі Италияда (5 күн) өтетіндіктен, виза Италия консулдығынан алынуы керек. Егер барлық елдерде бірдей уақыт өткізілсе, онда виза бірінші кіретін елдің консулдығынан рәсімделеді.
Осы ережелерді сақтау арқылы Шенген визасын дұрыс рәсімдеуге болады.
2023 жылы 30 маусымда бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» заңның 32-тармағына сәйкес, егер тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің жарамды визасы болса, азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспортқа арнайы белгі (бір жағына тесіктер жасау арқылы) қойылады және ол иесіне қажеттілігі жойылғанға дейін қайтарылады. Осылайша, паспорттың өзі жарамсыз болып қалады, бірақ ондағы визалар күшін жоймайды.
Әртүрлі елдер ескі паспорттағы визалармен кіру талаптарына әрқалай қарайды. Германияның Қазақстандағы өкілдігі паспортты ауыстырған кезде визаны ескі құжаттан жаңа паспортқа көшіруге болатынын хабарлайды. Бұл процесс барысында виза деректері мен оның мерзімі өзгертілмейді. Визаны көшіру тегін жүргізіледі, бірақ бұл үшін ескі және жаңа паспортпен бірге сол елдің елшілігіне немесе консулдығына жүгіну қажет.
Шенген визасын беретін ресми визалық орталықтардың бірінде көшірудің міндетті емес екенін атап өтеді. Егер виза ескі паспортта болса, ол жарамды болып қала береді, тіпті паспорттың өзі жарамсыз деп танылған жағдайда да. Осылайша, сіз екі паспортпен бірге саяхаттай аласыз.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми визалық қызметі егер виза жойылмаған немесе кері сұратылмаған болса, оның жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін күшінде қалатынын хабарлайды. Егер сіздің визаңыз жарамды болса, онда АҚШ-қа екі паспортпен (жаңа және ескісі) кіруге рұқсат етіледі. Бұл ретте виза бүлінбеген және сіздің сапарыңыздың мақсатына сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ екі паспорт та бір елден және бірдей типте болуы қажет.
Дегенмен, АҚШ визалық қызметі виза болса да, бұл елге кіруге 100% кепілдік бермейтінін ескертеді. Визалық орталықтар шекарадан өткен кезде ескі паспортты өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынады, себебі кейбір жағдайларда оны жаңа құжатпен бірге көрсету қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар, шекара қызметінің сұрақтарына дайын болу үшін қажетті қосымша құжаттардың бар екеніне көз жеткізу қажет.