Ескі кен орындарына арнайы критерийлер бекітілді – энергетика вице-министрі

13 Қыркүйек 2023, 10:40 661

Мәжіліс отырысында депутат Әділ Жұбанов Энергетика министрлігінің өкіліне депутаттық сауал тастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 26 тамызда өткен шетелдік инвесторлардың кеңесінде ескі мұнай орындарында өндіру мен тиімді пайдаланауды қолдау жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды. «Осы тапсырманы іске асыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр?» деп сұрақ қойды.

Оқи отырыңыз:

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов аталған сауалға осы заң аясында сарқылған ескі кен орындарына арнайы критерийлерді бекітіп жатқанын тілге тиек етті.

Яғни ірі кен орындары үшін 70 пайыз қорлары алынған болса және оның сулануы 85 пайызға жеткен болса немесе одан жоғары болған жағдайда, мұндай кен орындарына тиесілі критерийлер болашақта арнайы салық режиміне көшуге мүмкіндік алады. Үнемделген ақша осы кен орындарын игеруге салынбақ, - деді ол.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: