Эскалатордағы оқыс оқиға: Көкшетаулық әйелдің аяғы қысылып қалды

21 Сәуір 2023, 19:00 879

Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды. Орталық базар ғимаратындағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды, - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.

Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.

EL.KZ
Бөлісу: