Есірткінің заңсыз айналымы бойынша 420 қылмыс анықталған

27 Ақпан 2023, 12:36 1266

Бұл туралы  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған қылмыстардың басым бөлігі интернет ресурстары арқылы жасалған есірткі қылмыстары болып табылады.

"Ішкі істер органы есірткі қылмысын түбегейлі жою мақсатында ақпараттық жаңа технологияларды кеңінен пайдалуға кірісті. Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Кибер надзор» ақпараттық жүйесі арқылы 179 интернет парақшалары мен сайттар шектеуге жіберіліп, 69-ы бұғатталған.Олардың ішінде интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар ерекше бақылауда. 2022жылы аталған жүйе көмегімен 1996 есірткі сайтының жұмысына шектеу қойылды. Оның 1493 бұғатталды", - дейді Есірткі кылмысына қарсы іс-кимыл департаменті баскармасынын жедел өкілі Данияр Орал.

Оның айтуынша, ҚР нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 23-25 жылдарға арналған кешенді бағдарлама жоспары қабылдануда.

«Интернет сатылым негізінде өңірлердегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларында контентті анықтау үшін кең жолақты интернетке қосылған заманауи ақпараттық бағдарламалық кешендер енгізілуде. Есірткі диллерлері OLX және HH сияқты жарнама сайттарда «бай боласың, аз уақытта ақшаға кенелесің, бұл бизнестен кез келген уақытта шыға аласың» сынды ұсыныстар жасайды. Мұндай алаяқтыққа сенетіндердің көпшілігі жастар. 2022 жылы есірткі тасымалдаумен және оны жасырумен кәмелетке толмаған 25 жасөспірім ұсталды», - дейді ол.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы – 265 есірткі өткізу фактісі және 76 заңсыз сақтау дерегі тіркелді. Заңсыз айналымман 755 кг есірткі, оның ішінде 270кг марихуанна, 93 кг гашиш және 105 кг синтетикалық есірткі тәркіленген.

«Есірткі бизнесінің ұйымдасқан түрлеріне қарсы іс қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері бір ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. 262 баптың бірінші тармағы бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және ұйымдастыру бабымен іс қозғалып, 8 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардан 85 кг астам синтетикалық есірткі заттары табылған. Синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша тұрақты негізде істер жүргізілуде. 7 нарколабаратория жойылды. Пайдалануға дайын 90 кг астам есірткі мен 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді», - деді Данияр Орал.

Трансшекарылық есірткі топтарына қарсы күресті күшейту мақсатында шекаралас мемлекеттердің құзырлы органдарымен қарым-қатынас күшейген ынтымақтастықтың нәтижесінде есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсорлар мен басқа да ингредиенттерді жеткізу арналарын анықтау бойынша іс шаралар қабылдануда.

Еске саламыз, есірткі тасымалы үшін 5жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: