«Есірткі қосылған кәмпиттер»: ІІМ желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгiн, 11:12 194

Қазақстандықтар мессенджерлерде оқушылар арасында есірткі қосылған құлпынай кәмпиттері таралып жатқанын қызу талқылауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp чаттарындағы ақпаратқа сәйкес, мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылып жатқан көрінеді. Бұл мәселеге қатысты ІІМ өкілдері мәлімдеме жасап, оның шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн.

Сонымен қатар біз ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске саламыз, - деді министрлік.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: