Қайғылы оқиға Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде 27 сәуірде таңғы сағат 08:55–те болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, трактор жүргізушісі қозғалып келе жатқан пойыз алдына шығып, жол ережесін өрескел бұзған. Пойыз машинисі шұғыл тежеуді басқанымен, соқтығысудын алдын алу мүмкін болмаған. Трактор жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды.