Алматы облысында кәмелет жасына толмаған екі қыз мерт болды. Оқиға 8 маусым кешкі сағат 21.10 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның видеосы Instagram желісінде пайда болды. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, саяжай аумағында 14 жасар және 3 жасар қыздарды көлік қағып кеткен. Балалар оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы Алматы облысы Есік қаласында болған.
Облыстық Полиция департаментіндегілер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Mercedez Benz көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.