Ешқандай заң бұзушылық байқалмады - халықаралық байқаушы

19 Наурыз 2023, 10:31 893

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында баспасөз маслихаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алғаш рет бір мезгілде және жаңа тәртіп бойынша өтіп отырған мәжіліс және маслихат сайлау науқанына қатысушы байқаушылар учаскелерге баға берді.

ТМД  байқаушылары дауыс беру уақыты басталғаннан бері учаскелерді аралап, ондағы мерекелік көңіл-күйді сезіне алды. Біз тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де байқаушы болдық. Сондықтан біздің тәжірибемізге күмән келтірмесеңіздер болады. Сайлау аяқталғаннан кейін бақылау қорытындысын ұсынатын боламыз, - дейді ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының басшысы Дмитрий Кобицкий.

Армения Республикасынан келген еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі демократияға бет бұру үшін жасалған қадамды халық ерекше қолдап отырғанын айтты.

Аралап шыққан учаскелерде ешқандай заң бұзушылық орын алмады. Ұйымдастырушылық процесс жоғары деңгейде. Күмәнсіз барлығы әділ өтеді деп айтуға болатын сияқты. Біздің міндетіміз – сайлаудың заң бойынша өтуін қадағалаймыз. Біздің қатысуымыз Қазақстанның игілігі үшін және оның халқына қосқан үлесіміз деп білеміз, - дейді Вагаршак Акобян

Айым Даниярқызы
Бөлісу: