«Есейдік, өмір көрдік». Балжан Бидаш қазіргі жағдайы туралы ашып айтты

11 Қазан 2023, 10:50 2056

Әнші Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін алғаш рет «Revue News-қа» берген сұхбатында қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Адам адамға өмір сүруді үйретпеуі керек. Ең бастысы, жақсы бағыт беруі қажет. Мен болашақта балаларыма шектеу қоймайтын ана болуға тырысамын, - деді әнші.

Балжан Бидаштың айтуынша, оны отбасылық өмір айтарлықтай өзгерткен.

Есейдік, өмір көрдік. Жас қосқан сайын есейгенімді сезінемін. Ақылды болуға тырысу керек. Бұрынғы Балжан мен қазіргі Балжанды салыстыратын болсақ, қазір саналы болған сияқтымын. Бұл Балжан артта қала береді. Бәрі одан әрі жақсы болуы тиіс қой, - деді ол.

Әншінің Жахан Отарғалиевпен ажырасуы әлеуметтік желідегі статистикасының өсуіне әсер еткен. Балжан бастапқыда қазіргі жасап жатқан контенті халыққа өтпейтін шығар деген ойда болған.

Басында менің үй тіршілігі жайлы түсірген контентім халыққа қатты ұнаған еді. Содан мен басқа бағытқа көшкен кезде жасап жатқан дүниелерім өтпейтін шығар десем, керісінше, оқырмандарым 2 есе белсенді болып кетті. Статистикам мықты болып тұр, - деді Балжан Бидаш.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: