3 Қыркүйек 2014, 15:21
Дiн жолына шын берiлген Есеней 1815 жылы – доңыз жылы жазда Үргенiш медресесiн тәмамдап келген соң Батыс Сiбiр мұсылмандарының (қазақ, башқұрт, татарлардың) Ресей патшасы өкiметiнiң рұқсатынсыз өздерi сайлаған Бас мүфтиi – Марал ишан Құрманұлына (17801841) арнайы барып, сәлем берiп, оған мүрид болыпты (мүрид – дiни шәкiрт). Әкесiнен жастай қалған Есеней аз уақыт Марал ишанның тәрбиесiнде болады. 18181819 жылдары Нұрымбет Керей Марал ишан бастаған Батыс Сiбiр мұсылмандарының дiн үшiн, жерсу үшiн, ел бостандығы үшiн Ресей патша өкiметi отаршылдарына қарсы бағытталған ғазауатына (ұлтазаттық қозғалысына) белсене қатысады.
Есеней алдымен қатардағы жауынгер болып соғысқа қатысқан күннен бастап ерлiк көрсетiп, жүзбасы, одан кейiн мыңбасы атағын алады. Марал ишан көтерiлiсiне қатыса жүрiп, Ресей отаршылдарына қарсы күресте ерлiк iстерi үшiн Ер Есеней деп аталады. Бiрақ, Марал ишанның ұлтазаттық қозғалысы мен Есенейдiң отаршылдарға қарсы күрестегi ерлiгi ескерiлмей, тарихтан өз бағасын ала алмай келе жатқаны өкiнiштiақ.
Абылай хан (17111781) қайтыс болып орнына Уәли хан болған кез қазақ хандығының (мемлекеттiлiгiнiң) әлсiреп, бытыраңқылыққа ұшыраған кезi болатын. Осы кезеңде Қызылжар уәлаяты (кiшi хандық) құрылған болатын, оны билеушi адамды шора (кiшi хан) деп атады. Есеней ел басқаруға араласа бастаған кезде Қызылжар уәлаятының шорасы Шақшақ Көшекұлы (17401837) едi (Сегiз серiнiң атасы). Жасы келiп қалған Шақшақ шора елден өзiн ауыстыруды сұрап жүредi екен. Бiрде жоғарыда аталған Керей руының басшылары арнайы барып, сәлем берiп, мәжiлiсте өздерiнiң ұсыныстарын айтады: «Сардар аға, сiз қырық жылдай шора болдыңыз. Елiңiз сiздiң ғадiлдiгiңiзге риза болып, бәрi сiздi сыйлады. Жасыңыз сексенге келдi. Орныңызды басатын балаларыңыз да, жақын туыстарыңыз да бар екенiн бiлемiз. Дегенмен, аға баласына жол берсек қайтедi. Өзiңiздiң iнiңiз Естемістiң баласы Есеней сiздiң орныңызды басуға жарап қалған сияқты», – дептi. Сонда өз орнын басатын батыр да, шешен де ұлдары, туыстары бар екенiне қарамастан, Шақшақ шора: «Сибан аға баласы екенi рас. Олардың бiраз жыл билiктен қол үзгенi де мәлiм, жолымды бердiм. Екпiнi тау жыққандай жалынды да талапкер жастың бiрi Есеней ғой. Есеней менiң шоралық тағыма отырып, Сiбiр қазақтарының одағын да басқарсын! Билiгiмдi Есенейге сыйладым. Менен қалған дәурен оған құтты болсын! Iсiн Алла оңғарсын! Тек ел үмiтiн ақтайтын көсем болсын!» – деп бiрден батасын берiптi. Сонда билер мен бектер қарт ағасының кеңпейiлдiлiгiне разы болып, оған алғыс айтып, иығына жанат iшiк жауып, босағасына ақбоз жорға атты байлап кетiптi.
1819 жылдың жазында хан жайлауда КерейУақ, Атығай Қарауыл елдерiнiң басты адамдары құрылтай ашып, Қақ көлiнiң жағасында (Қақ көлi – қазiргi Тимирязев ауданы Москварецк селосының жанындағы ұзындығы – 12 шақырым, көлденеңi 1 шақырымдай үлкен көл) Есенейдi боз биенiң сүтiне шомылдырып, үстiне ақ киiмдер кигiзiп, ақ кигiзге отырғызып, шора сайлапты. Естемісұлына сол арадағы ел құтты болсын айтып, Шақшақ, Тiленшi, Киiкбай, Тоқсан, Маманай, Құрымсы сынды дуалы ауыз билер, әулие Марал ишан, Нашан, Қолдас, Жолдыбай, Сартай, Мәулiт, Итiке батырлар, сардар Баһрам ақ баталарын берiптi. Есенейдi шора сайлауға Қызылжар, Қорған, Түмен, Омбы шаһарларындағы татар мырзалары да қатысыпты. Сол күннен бастап Естемісұлы 1824 жылға дейiн Қызылжар уәлаятының және Батыс Сiбiр қазақтарының шорасы болады.
Есеней шора болумен қатар, ұстазы Марал ишанның ғазауат соғысын қолдап, оған әскер жинап, жауынгерлерге ат жинап берiптi. Сөйтiп, ол өзi де бұрынғыша Ресей отаршылдарына қарсы соғысқа белсене қатысыпты. Оған Сегiз серiнiң әкесi Баһрам батыр Шақшақұлының (17791826) «Қайғылы белдеу» деген тарихи дастанындағы мына шумақтар айғақ бола алады:
Марал ишан ұстазын
Есеней шора қолдаған.
Сарбаз жинап берсiн деп
Бектерге сәлем жолдаған.
Кәпiрге қарсы шықсын деп
Елге жаршы жiбердi.
Сарбазға ат жинады
Жеңiстен үзбей күдердi.