Ержан КӨЛДЕЕВ: Жастардың үмітін оятты

17 Қараша 2014, 12:09

Жолдауда көпшіліктің наза­рын бірден аударған жаңа тұрғын үй бағдарламасы болғаны анық.

Президент Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстан халқына дәстүрлі «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын жариялады.

«Менің тапсырмама сәйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқ­тады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Эконо­микалық Саясаты туралы жа­рия­­лаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды осыған арнаймын», деп сөзін бастаған Елбасы Үкіметке үлкен міндеттер мен жауап­кер­шіліктер жүктеді. Биыл­ғы Пре­зидент Жолдауы мерзімінен бұрын болуымен қатар, өзге Жолдаулардан қысқа бол­ған­дығымен ерекшеленді.

Жолдауда көпшіліктің наза­рын бірден аударған жаңа тұрғын үй бағдарламасы болғаны анық. Қазір өз елінде өгейдің күйін кешіп жүрген жас отбасылардың басты мәселесі де баспана болып отырғаны шындық. Елбасымыз ұсынып отырған тың бағдарлама қаншама қазақ жастарына үміт отын жағып қоймай, арман­дарының орындалатынына көз жеткізгендей. Жастар баспа­налы болса, жұмыссыздар саны азайып, қаншама адам еңбекпен қамтылады.

«Нұрлы Жолдың» аясында, әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды. Мәселен, еліміздегі құлағалы тұрған мектеп пен үш ауысымдық оқу мәселесін шешу үшін – 70, балабақша тапшылығын жоюға – 20, тозған тұрғын үйлерді жөндеуге 200, ал жалға берілетін баспана салуға 180 миллиард теңге жұмсалмақ.

Жол – өмірдің күретамыры екені анық. Жол мәселесін реттей отырып, алыс-жақын шет елдермен сауда-саттық, алыс-берісті, қарым-қатынасты жақсарта түсеріміз анық. Елімізде әуежай, ұшу-қону алаңдары, теңіз инфрақұрылымы жаппай жөнделіп,  жаңадан жол төселіп, теміржол желісі тартылмақ.

Биылғы Елбасы Жол­дауы­ның да көтерер жүгі – көлік­тік-логистикалық инфра­құ­рылым­дарды дамытудың кешен­ді жоспары, индустриялық жә­не энергетикалық инф­ра­­­құры­лым­дарды дамыту болып отыр. Сон­­­дай-ақ, Ұлттық қор қа­ра­жа­ты­ның жұмсалуы да ең өткір мәселенің бірі. Ор­ны­мен жұм­салған қаражат әлеу­мет­тік мәселелерді шешуде, дағ­дарыс­тың алдын алуда өз шеші­мін табады деген үміттеміз.

Елбасы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты әлемді шарпыған дағдарыстың өзінде Қазақстанның экономикасына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді. Иә, білім мен ғылымға, жастардың білім алуына ерекше жағдай жасауда. Биылғы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауда білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлініпті. Енді тек, ел-жұрт болып жұмылып болашаққа талпыну, іздену, білім мен ғылым жолында аянбай еңбек ету қай-қайсымызға да парыз деп білемін.


Ержан КӨЛДЕЕВ,

Қ.Сәтбаев атындағы

ҚазҰТУ-дің инновациялық

қызметтер жөніндегі проректоры.

Бөлісу: