Ерұлан Жамаубаев Оралдағы әуежайына қатысты пікір білдірді

14 Ақпан 2023, 12:48 3202

Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Оралдағы әуежайдың ресейлік компанияға өтуіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Орал әуежайының белгілі бір бөлігі жергілікті органдарға тиесілі. Сондай-ақ, республикалық жеке меншік обьект емес. Республикалық меншікке саналатыны тек ұшып-қону жолағы ғана. Бұл туралы әкімдікпен кездесіп, толығырақ мәліметті сіздерге жеткізетін боламын», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергпен байланысы бар компания Оралдағы халықаралық әуежайдың «қожайыны атанғаны» туралы ақпарат тараған болатын. Осыдан кейін әуежайдың 49% үлесі ресейлік компанияға өткені белгілі болды.

Айта кетейік, Орал әуежайында жаңа инвестор пайда болды.

Миражан Махан
Бөлісу: