Ертіс өзенінде суретке түспек болған әйел мұз астына түсіп кетті

Кеше, 19:32 1297

Павлодардағы Ертіс өзенінде суретке түспек болған 30 жастағы әйел мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғынды қаланың Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері байқап қалаған. Олар дереу көмекке келді. 

Құтқарушылар 1994 жылы туған әйелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан  кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол суретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен",-делінген ТЖМ мәліметінде.

Осы ретте құтқарушылар мұз айдындарына шығуға тыйым салынғанын еске салады. Себебі ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз.  

Асқар Таудай
Бөлісу: