Павлодарда «Ертіс орманынан» шыққан құрғақ шөп пен орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 шілдеде сағат 22.06-да «Ертіс орманы» резерватының аумағындағы құрғақ шөп пен орман өрті шамамен 13,37 гектар алаңда оқшауланды. Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ (Галкин орманшылығы, №66, 67 орамдар) аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман (қарағай, жас талдар) жанды, - делінген Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖ департаментінен 31 адам мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталды.