Николай Гавриш «Ертіс» клубымен қоштасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Клубтың ресми мәліметіне сүйенсек, бас бапкер командадан өз еркімен кетті. Николай Гавриш Қазақстан Премьер-Лигасының командасынан ұсыныс алып, өз қызметін басқа клубта жалғастыратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Николай Николаевич биыл маусым айында «Ертіс» клубының тізгінін ұстаған болатын. Оның басшылығымен команда 13 матч өткізіп, 12 жеңіске жетті. Бір ойын тең нәтижемен аяқталды және Қазақстанның Екінші Лигасының чемпионы атанды.