Ертең тұман түсіп, көктайғақ болады

2 Қараша 2022, 20:30 1837

13 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елордада және еліміздің 13 облысында тұман түсіп, қатты жауын-шашын жауады, көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

3 қараша түнінде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

3 қарашада түнде Астанада көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыс орталығында екпіні 15-20, күндіз 23 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, түнде солтүстікте және облыс орталығында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда 3 қарашада кей жерлерде жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.

3 қарашада түнде Ақмола облысының батысында, шығысында көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғып, түнде шығыста, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының шығысында және оңтүстігінде таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз солтүстік және шығыс бөлігінде екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.

3 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғып, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Оралда 3 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғып, түнде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

3 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстік бөлігіндегі жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, солтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

3 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желАлакөл ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі.

3 қарашада күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде батыс, оңтүстік, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында – тұман, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, шығыста жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанайда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

3 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.

3 қарашада түнінде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. Павлодарда 3 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 18 м/с дейін жетуі ықтимал.

EL.KZ
Бөлісу: