Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік өкілдері ата-аналардың чатында тараған хабарламалар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ. ТЖМ тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады.
Атай кетейік, бүгін Астана уақытымен 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.