Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауыл болады

2 Маусым 2022, 20:48 1272

Фото: sputnik.kz

Синоптиктер 3 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

3 маусым күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. Петропавлда соғатын солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

«Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді», делінген синоптиктер хабарламасында.

Сонымен қатар, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістанда - найзағай, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Облыс орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан және облыстың таулы аймақтарынан жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Таулы аудандарда, сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында күндіз найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел Облыстың шығысы мен таулы аймақтарында екпіні 25 м/с жетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылап, сақтық шараларын сақтауға шақырады.



Бөлісу: