17 Қазан 2016, 06:26
18 қазан күні Лондон олимпиадасында допинг қабылдады деген айыппен спорттан шеттетілген қазақстандық Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедованың ісі қаралатын болады.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың айтуынша бүгінгі күні Ұлыбритания және Швейцария елдерінің құқық қорғау компаниялары спортшыларымызды ақтап алуға барын салып жатыр.
Сондай-ақ, Сәкен Жүнісбекұлы «спортшыларымызды неліктен бес жыл өткеннен кейін ғана тексеріп жатыр» деген сауалға да жауап берді.
Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
— WADA Халықаралық допингке қарсы агенттік спортшылардан алған қан үлгісін он жыл бойы сақтайды. Агенттіктің ішкі заңы бойынша олар бұл үлгілерді кез-келген уақытта қайта тексерулеріне рұқсат етілген. Лондон олимпиадасына қатысқан спортшыларды допингке тексеруін олар жаңа құрылғылардың пайда болуымен түсіндіреді.
Рүстем ӘЛПИ