60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл - Қазақстанның Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы медалі.
Ермек Құралбай финалда Қырғызстан спортшысы Жекшенбек Тұрдыбековті жеңді.
Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.