Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі төрағасы Швейцария Конфедерациясына ресми сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 25-26 наурызда Швейцарияға ресми сапары барысында Ерлан Қошанов Швейцария Ұлттық кеңестің (парламенттің төменгі палатасы) төрағасы Эрик Нузбаумермен және Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездеседі.
Тараптар парламентаралық өзара іс-қимыл бағыттарын, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылайды.