Ерлан Қошанов: Конституция – мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры

30 Тамыз, 15:10 653

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – еліміздің ата заңы, мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры. Байтақ Отанымыздың баянды дамуын, қоғамдық құрылысы мен басты ұстанымдарын айқындайтын қастерлі құжаты. Елдігіміздің алтын арқауына айналған Ата заңнан бастау алған сан-салалы заңнама мемлекетіміздің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне ұдайы жол ашып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заман сұранысына сай жүргізген конституциялық реформалары бүгінде өз жемісін беріп отыр, - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұл баршаға бірдей мүмкіндік ұсынып, әрбір азаматтың құқығы қорғалатын Әділетті Қазақстанды құруға берік негіз қалады.

Әйгілі ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, «Әділ заң – тірегің». Ата заңымыз елдік пен әділеттіліктің тірегі болып, әрдайым мемлекетіміздің айбыны мен абыройын асқақтата берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - делінген құттықтауда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: