Ерлан Қарин кейбір кандидаттардың сайлаудан неге шеттетілгенін айтты

19 Наурыз 2023, 08:07 892

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин депутаттыққа кандидаттар санының неге көп екендігін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ең алдымен бір жыл бұрын ұсынылған жаңа реформа елімізде жақсы пікір қалыптастырып, қолдау тапты. Мемлекет басшысының реформасы көп жанға үміт сыйлады, - деді ол.

Сондай-ақ ол кейбір кандидаттардың сайлауға дейін тізімнен шығарылу себебін де айтты.

Сайлау науқанының алдында сыни көзқарастағы адамдар ғана емес, белгілі бір билік позициясын қолдайтын азаматтар да кандидаттар тізімінен алынды. Олардың барлығы белгілі бір себептерге байланысты сайлаудан шеттетілді, - деді Ерлан Карин.

Миражан Махан
Бөлісу: