Ерлан Ахмеди ШЫҰ-ның басты ерекшелігін атады

4 Шілде, 10:03 646

Халықаралық саяси сарапшы Ерлан Ахмеди ШЫҰ-ның ерекшелігіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бүгінгі саммиттің тағы бір ерекшелігі – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ғана емес, ШЫҰ+ форматында өтіп, Түркия және араб мемлекеттерінің басшыларының қатысуында. 2022 жылғы Самарқандағы саммитті еске түсірсек, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның осы ұйымға қосылуға ниетті екенін айтқан. Қазір Моңғолия – бақылаушы ел. Болашақта бұл мемлекет те ұйымға мүше атануы мүмкін. Еуразиялық ұйымға айналған ШЫҰ-ға қызығушылық өте жоғары. Бұрын Азия елдерінің ұйымы ретінде қабылданса, қазір құрлықтық ұйымға айналып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «ШЫҰ қазіргі таңда нәтижелі, сәтті, ұйымдардың бірі» деп баға берген болатын, - деді Ахмеди.

Саммитке 16 елден президенттер, үкімет басшылары және беделді халықарлық ұйым жетекшілері келді. Алқалы жиын алғаш рет ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен кездесуі форматында өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: